Бөбекжай-бақша ережелері

Бөбекжай-бақша күн тәртібі бойынша таңертеңгі кешкі уақытта баланы ата-анасы алып кету.

  1. Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болуы керек және баланың балабақшаға таза киіммен келуі.
  2. Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы сөрелерін ата-аналары ретке келтіріп отыруы керек.
  3. Балабақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және қол орамалы болуы тиіс.
  4. Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісімен және ата-аналарымен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек.
  5. Бала науқастанып келмеген жағдайда немесе демалыста болған жағдайда дәрігерден анықтама алып келуі тиіс (таңертеңгі қабылдау кезінде топ тәрбиешісіне тапсыру керек).
  6. Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.
  7. Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болғаны жөн.
  8. Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс.
  9. Баланың сөресінде міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер тұруы тиіс.
Back to top button